"Алдар көсенің" жаңа хикаясы телекөрермендер назарына ұсынылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алдар көсенің" жаңа хикаясы телекөрермендер назарына ұсынылады

"Алдар көсенің" жаңа хикаясы телекөрермендер назарына ұсынылады

«ЕлАрна» телеарнасы ҚР Тәуеліздігінің 20 жылдығы мерекесіне орай көрермен назарына 19 желтоқсан кешкі сағат 21.15-те «Алдар көсе» телехикаясын ұсынады. Комедиялық жанрдағы шытырман оқиғалы бұл фильмнің тұсауы 9 қараша күні кесілген болатын.

  • 15 Желтоқсан 2011
  • 980
Фото - Caravan.kz


Оны түсірген Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің жас түлектері Бекайдар Шалдарбеков пен Александр Востриков. Фильмде басты кейіпкерді Дәурен Серғазин сомдайды. Ал негізгі өзге кейіпкерлерді КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР Еңбегі сіңген артисі Қадырбек Демесінов, Болат Әбділманов, Омар Қайқымов, Мұрат Нұрасылов және тағы басқа да өнер майталмандары мен театр-кино саласының талантты жас актерлері ойнайды.

Перейти к новостям спорта