”Алды-артыңа бір уыс топырақ”: Депутат Ермұрат Бәпи дін мен дәстүрді бұрмалағыштарды сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.09
  • 551.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Алды-артыңа бір уыс топырақ”: Депутат Ермұрат Бәпи дін мен дәстүрді бұрмалағыштарды сынға алды

”Алды-артыңа бір уыс топырақ”: Депутат Ермұрат Бәпи дін мен дәстүрді бұрмалағыштарды сынға алды

ҚР Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи дін мен дәстүрді бұрмалағыштарды қатаң сынға алды.

  • 1 Сәуiр
  • 46
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы ол мәжіліс мінберінде айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы,

”Интернет подкастардың бірінде ресми діни құрылымға қатысы жоқ әлдебір “имам-сымақ” үш әйелі барын сөз етіп, соңғысын өзінің шәкіртіне “сыйға тартқанын” жайбарақат жария етті.

Бұл мәлімдемені адами моральға жат қылық қана емес, сонымен бірге азаматтық неке жөніндегі заңнаманы көпе-көрнеу бұзу, қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі дінді мансұқ ету және оның құндылықтарына қаса-қана нұқсан келтіру деп түсіну керек. Жалпы адамды сыйға тарту – бұл адам сату, адам саудасы санатындағы қылмыс саналуы тиіс! Ал мұны бүкіл елге дәріптегенподкаст иесі журналист қарындасымЖанар Байсемізова ең құрығанда журналисттік этиканы, кәсіби салиқалықты сақтамауы – нағыз хайп қуу, ақырында оның өзі әкімшілік жазаға тартылды. Осы орайда ұлттық мәселені популизм жолында құрбан етуге құштар журналист әріптестер мен масс-медианың басқа да өкілдерін кәсіби, адами және азаматтық ұстанымға берік болуға шақырамын”, — деді депутат.

Сондай-ақ, ол Наурыз мерекесін “ислам дініне жат” деген азаматты да қатаң сынға алды.

”Әлеуметтік желілерді кезіп кеткен бұл дақпырт табиғатпен тел туатын мерекені жоққа шығару ғана емес, сонымен бірге біздің халықтың ғасырлардан тамыр тартатын салт-дәстүріне, ұлттық мәдениеті мен бірегейлігіне күмән келтірудің кебі. Тақуаның ел ішіне тарап бара жатқан түрпі тілімен айтқанда: Иншаллах, қоғамды шулатқан қос қиқушы әкімшілік жазаға тартылып, оларға айып салынды. Осы ретте мен осы теріс діндар тақуаларға сұрақ қойғым келеді: “Ағайындар, егер біздің сан ғасырлық ұлттық дәстүрлеріміз харам болса, Қазақстан мемлекеті сіздерге туған ел емес шығар?! Ұлттық құндылықтарды ғасырдан ғасырға сақтап қалған қазақтың қасиетті даласы сіздерге атамекен емес болар?! Ендеше, харамы жоқ, сіздер қош көретін елге неге қоныс аударып кетпеске?! Алды-артыңа бір уыс топырақ”, — деді Ермұрат Бәпи.