Қазақ жастарын махаббат жолында «құрбан» болуға үгіттеп жүрген Баянның өзі кезінде махаббаты үшін күйеуінің көзіне шөп салып, бір өлімнен аман қалған болатын. Енді ол «махаббат ұлтқа қарамайды» деген ұстанымда.
«Қазақ жігіттері біздің қыздардың өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсы екен. Олардың біреудің өміріне араласқандарына қарап жағамды ұстадым. Мұндай некеге қарсы болғандар махаббатты түсінбейтін адамдар. Махаббат ұлтқа қарамайды. Мен өзге ұлтқа тұрмысқа шығуға қарсы емеспін және қолдап та тұрған жоқпын. Бірақ маған махаббат маңызды. Махаббат ғана әйелді бақытты етеді. Ол сол сүйген адамынан ғана бала сүйгісі келеді. Дамыған елдерде біреудің өміріне араласу, ол санасыздықты білдіреді. Біз қашанға дейін қазақ жігіттерінің осындай қылықтарына төзе бермекшіміз? Қыздарымыз күйеугуе тию үшін еркектерден рұқсат сұрауы керек пе? Егер қазақ қыздары тек өздеріңе тұрмысқа шықсын десеңдер, онда алдымен әйелді сыйлай білуді үйреніп алыңдар. Біз дамыған мемлекетте тұрамыз дейміз. Бірақ, бізде тек еркектер ғана тәуелсіз. Оларға бірнеше әйел алуға рұқсат. Әйелге қол да көтере алады. Ары қарай жалғастыра берсе көп. Осыған қарап қорқамын», – дейді Баян өзінің Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, продюсер болашақта өзінің қызы да өзге ұлт азаматын сүйіп жатса, онда оған еш қарсы болмайтынын айтты.