Ал жарылыс орындарында қазақстандықтар болды ма, жоқ па деген ақпарат әзірге белгісіз. Қазан айында еліміздің жиһанкездік компаниялары Мысыр еліне бірқатар чартерлік рейстер жасайды. Сондай-ақ, бұл елде ондаған Қазақстандық студенттер оқиды.
Жұмаға қараған түні Мысыр дауажайларында үш бірдей жарылыс болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, жарылыстан 44 адам опат болып, 200-дей адам жараланған.
Алғашқы жарылыс түн ортасы шамасында Мысыр мен Израиль шекарасына таяу жердегі Таба қаласында болған. Осыдан екі сағаттан кейін Рас-эс-Сұлтан және Шитани елді мекендеріндегі туристік кешендердің бірінде тағы да екі жарылыс шықты.
Қаза тапқандардың басым бөлігі Израиль азаматтары. Өйткені, «Суккот» деп аталатын еврей мерекесінің соңғы күндерінде Синай түбегіндегі курортты қалалар Израиль туристеріне лықа толған болатын.
Зардап шеккендер Израильдің Эйлат қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Жараланғандар арасында Ресейлік туристер де бар. Олардың жалпы саны 10 шақты адам.
Египет дауажайларындағы жарылыстар үшін жауапкершілікті Египеттің «Аль-джамаа аль-исламия» деп аталатын радикалдық ұйымы жүктеп алды. Бұл халықаралық лаңкестік «Аль-Кайеда» ұйымымен тығыз байланысы бар ұйым.