Отырыс барысында облыс әкімі Икрам Адырбековтың хабарлағанындай, «еліміздің үш ғылыми-зерттеу институтымен уағдаластық жасалды. Олар бір жыл бойы адамдардың денсаулығында байқалған ақауларды бақылап, қоршаған ортаға мониторинг жүргізетін болады».
«Алдын-ала есеп бойынша шығын көлемі 40 млрд. 718 млн. теңгеге бағаланып отыр»,- делінді депуттардың отырысында.
Сессия қорытындысы бойынша ел басшылығына зымырандарды ұшыруда гептилді пайдалануға мораторий жариялау жөнінде өтініш хат жолдауға шешім қабылданды.