Алдын-ала мәлімет бойынша, Қызылорда облысындағы тасқын салдарынан келген шығын көлемі 500 млн. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдын-ала мәлімет бойынша, Қызылорда облысындағы тасқын салдарынан келген шығын көлемі  500 млн. теңгені құрады

Алдын-ала мәлімет бойынша, Қызылорда облысындағы тасқын салдарынан келген шығын көлемі 500 млн. теңгені құрады

Алдын-ала мәлімет бойынша, Қызылорда облысындағы тасқын салдарынан келген шығын көлемі 500 млн. теңгені құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 20 Ақпан 2004
  • 603
Фото - Caravan.kz

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының мәліметіне сәйкес, Шардара су қоймасынан Сырдарияға секундына 700 текше метр су жіберіліп отыр. Қазіргі жағдаймен сең жүру көрінісі Қармақшы ауданында байқалады. Мамандардың пайымдауынша, мұндағы елді мекендер үшін айрықша қауіп төніп тұрған жоқ. Ал көршілес Қазалы ауданындағы жағдай күрделі күйінде қалды. Күмбазар елді мекенінің маңында сең жиналу салдарынан су деңгейі көтерілді. Бекарыстан би ауылының маңында тоғандарды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Ол жерге 40 мың дана құм салынған қаптар жіберілді. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы маңында қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары одан әрі жалғасуда. Әйтек және Шіркейлі каналдарындағы су шайып кеткен бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысында су тасқыны салдарынан 350 үй су ішінде қалып, 2085 адам басқа жаққа көшірілді. Су тасқынынан зардап шеккендерге қолұшын беру қоры күн санап толыға түсуде деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі басқармадағылар. Арнаулы есепшотқа 20 млн. теңге келіп түсті. Зардап шеккен отбасыларға азық-түлік, киім-кешек және жиҺаз, балаларға оқулықтар мен ойыншықтар түрінде көмек көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар