"Алдыңғы әйеліне обал, басқа бай таппадың ба?": Бес балалы шымкенттік кәсіпкерге тұрмысқа шыққан Динара Сәтжанның басы бәлеге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.48
  • 574.61
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алдыңғы әйеліне обал, басқа бай таппадың ба?": Бес балалы шымкенттік кәсіпкерге тұрмысқа шыққан Динара Сәтжанның басы бәлеге қалды

"Алдыңғы әйеліне обал, басқа бай таппадың ба?": Бес балалы шымкенттік кәсіпкерге тұрмысқа шыққан Динара Сәтжанның басы бәлеге қалды

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан күні кеше шымкенттік кәсіпкер Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққанын мәлімдеген еді.

  • 4 Сәуiр
  • 420
Instagram/Динара Сәтжан

Жеке өмірі туралы алғаш рет ауқымды сұхбат берген ол, елдің қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Халықтың жаппай сынауына оның журналист Әсел Ауылбековаға берген сұхбаты себеп болған. Көпшілік Сәтжанды әйелі мен бес баласы бар ер адамның отбасын ойрандады деп айыптауда.

Десе де, тележүргізуші сұхбат барысында Жұмабек Жанықұловтың 2023 жылы ажырасқанын мәлімдеген еді. Халық тележүргізушінің дәл сол жылы кәсіпкерден сұхбат алғанын жарыса жазуда. Олар Форбс тізіміне енген кәсіпкердің отбасының шайқалғанына тележүргізуші кінәлі деп, сыни пікірлерін жаудырып жазып жатыр.