Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Александр Петренко Павлодардағы Инновациялық Еуразия университетінің үшінші курс студенті. Оның қызығатын салалары – урбанистиканы ғылыми тұрғыдан зерттеу, қалалардың тұрақты дамуы және экология. Александрдың ғылыми жарияланымдары халықаралық конференцияларда жүлделі орындарға ие болды. Ол сонымен қатар, республикалық экологиялық жобалар байқауының және «Top Talents – 2021» кейс-чемпионатының жеңімпазы.
– Мен ғылыммен, жобалармен айналысамын. Өйткені маған әлемді танып-білу, зерттеу, үнемі жаңа нәрсені үйрену қызық және өз ісім арқылы қоғамға пайдалы болғым келеді. Менің зерттеулерім негізінен қалалар мен олардың дамуымен байланысты. Оған қоса, мен қалаларымызды шынымен де қолайлырақ, барлық тұрғындар үшін тиімді етуді қалаймын. Мені де адамдар, олардың табыстары шабыттандырады. Әуелі ғылыми жетекшім Сергей Владимирұлы Беспал туралы айтып отырмын. Оның арқасында мен ғылыми қызметпен айналысамын, – деді Александр Петренко.
Стипендиатымыз университетінде студенттік өзін-өзі басқару және волонтерлік ұйымның басшысы.
Александр өз қатарластарына қарата, өз идеяларын, жоспарларын, жобаларын кейінге қалдырмауға кеңес береді.
– Уақыт зымырап өтіп жатыр. Мектепті кеше ғана бітірген едің, енді міне, қазірдің өзінде университет түлегі, ересек адамсың. Университетте оқыған жылдарды қызықты әрі пайдалы өткізу маңызды», – деп атап өтті ол.
Александр Қордың стипендиясы досынан білген. Ал әлгі досы Қор стипендиясын екі жыл бұрын алған екен.
– Бұл стипендия елдің кез келген студенті үшін сенің ғылыми немесе шығармашылық қызметте шынымен де бір нәрсеге қол жеткізгендігіңнің, өз салаңда көшбасшы екендігіңнің белгісі және дәлелі», – деп түйіндеді талантты қазақстандық.