Алексей Цой: Төтенше жағдай режимі қарастырылып отырған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алексей Цой: Төтенше жағдай режимі қарастырылып отырған жоқ

Алексей Цой: Төтенше жағдай режимі қарастырылып отырған жоқ

Бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа локдаун қандай жағдайда енгізілетінін айтты.

  • 30 Сәуiр 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі кезде төтенше жағдай режимі елімізде қарастырылып отырған жоқ. Заңнамаға сәйкес, аталған жағдайды Мемлекет басшысы енгізеді және мемлекеттік комиссияда тиісті шешім қабылданады», — деді А. Цой Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол қандай кезде төтенше жағдай енгізілетінін еске салды. Бұл тұрғыда оны енгізу талабында күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен ауруханалардағы орындардың жүктемесі 70 пайыздан асқан кезде ескеріледі.


«Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесіне аса жоғары жүктеме болғанда қатаң шектеу іс-шаралары үшін тиісті шешім енгізіледі», — деді министр.