Алексей Панин қазақтарға тіл тигізді - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алексей Панин қазақтарға тіл тигізді - БАҚ

Алексей Панин қазақтарға тіл тигізді - БАҚ

«Атың шықпаса, жер өрте» деген атам қазағымыздың мәтеліне толыққанды сәйкес келетін орыс актері Алексей Панин «Хайпоновости» бағдарламасының кезекті шығарылымында эстондықтар мен қазақтарға тіл тигізді.

  • 18 Қыркүйек 2017
  • 3751
Фото - Caravan.kz

"Обозреватель" басылымының айтуы бойынша, оның жаңа видеотүсірілімін 100 мыңнан адам артық көрген , — деп хабарлайды Caravan.kz аталып өткен порталға сілтеме жасап.

Атышулы актер жақында болған Apple компаниясының IPhone X тұсау кесерінде көрсетілген жаңа Face ID атты функцияны қазақтармен байланыстырған. Атап өтейік, жаңа функция көмегімен сужаңа IPhone адамның келбетін танитын болады. Панинның айтуынша, ендігәрі әрбір қазақ кез келген IPhone-ды бұғатсыздандыра алады ,себебі «олардың түрлері бір-біріне ұқсас».

Сонымен қатар, ол ағаштың қуысынан шыға алмай қалған эстондық туралы жаңалықты естіген кезде, «эстондықтардың өте баяу» екені туралы әзілді еске түсіріп, екі ел жұртшылығының қаһарына қалды.


Соңғы жаңалықтар