Алайда бақылаушылардың басым көпшілігі «Алекс Воробейдің» (ресейлік орындаушы өзіне Alex Sparrow деген лақап атты таңдап алған) жетістікке жетеріне сене қоймапты. Ол финалға дәстүрлі SMS-дауыс беруі арқылы өтті. Сонымен қатар, биылғы жылы қазылар алқасының пікірі де ескерілді. Ресеймен бірге ақтық сынға Сербия, Литва, Грекия, Әзірбайжан, Грузия, Швейцария, Финляндия, Венгрия және Исландия орындаушылары жолдама алды.