Әлем адамдарының үстіндегі қазіргі киімді 18-19 ғасырдағы қазақ білгірлері өмір бойы киіп келген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем адамдарының үстіндегі қазіргі киімді 18-19 ғасырдағы қазақ білгірлері өмір бойы киіп келген

Әлем адамдарының үстіндегі қазіргі киімді 18-19 ғасырдағы қазақ білгірлері өмір бойы киіп келген

Әлем адамдарының үстіндегі қазіргі киімді 18-19 ғасырдағы қазақ білгірлері өмір бойы киіп келген.

  • 7 Қыркүйек 2010
  • 867
Фото - Caravan.kz

Брюссельдегі Еурокомиссия ғимаратында ашылған «Хас Санат» сурет галереясының қазақстандық қазіргі заман өнер көрмесінің ашылуында қазақстандық журналисттерге сұхбат берген әлемге белгілі дизайнер, «Сымбат» Сән академиясының арт-директоры Балнұр Асанова осындай пікірін жеткізді.

Оның айтуынша, соңғы кездегі әлемдік сән үлгіге айналған жейде пішіні мен ұзын жең үлгісі — қазақтың бұрыннан киіп келген киімі. «Әлемге танымал киім тігушілердің кез келген топтамасында барқыт бұлы бар, бұл қазақтың да дәстүрлі киімі. Кез келген әлемдік дизайнердің кез келген киімін алып қарайтын болсақ, біздің халық дәстүрінен бастау алатынын көруге болады», — деп атап өтті ол.