ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Апокалипсис NY-2012..., енді қиял-ғажайып емес - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Апокалипсис NY-2012..., енді қиял-ғажайып емес

ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Апокалипсис NY-2012..., енді қиял-ғажайып емес

Осы аптада халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығы «Сэнди» және «Франкеншторм» сөздерін еске түсірер жаңалықтар топтасына барынша ауа түсті. Бұл атаулар АҚШ-тың ірі қаласы Нью-Йоркті санаулы күндердің ішінде ойран қылған алып тропикалық теңіз дауылымен байланысты екендігі мәлім.

  • 3 Қараша 2012
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Сэнди» Кариб теңізінің батыс бөлігінде қалыптасып, Ямайка аралдарынан өткеннен кейін күш ала бастады. Ал Кубадан кейін Гаити үстінен жүріп өткен дауыл Багам аралдарына қарай бет алды. «Сэнди» дауылынан Кариб бассейнінде 58 адам мерт болса, тағы 19 адам із-түссіз жоғалғандар санатында.

Синоптиктер қараша айының басында дауыл саябырсып, АҚШ жағалауына жеткен кезде тіпті өз қуатын төмендеттіп, тыншиды деген жорамал жасаған болатын. Алайда Атлант мұхитында арктикалық ауа ағынымен түйіскен ол барынша қуатты «Франкеншторм» (мұндай атауды американдық метеорологтар беріп отыр) дауылына айналды. Ауқымды көлемге ие болған дауыл диаметрі 800-1000 шақырымнан асып түсті. Кейбір деректерге қарағанда оның диаметрі 1200 метрге жеткен.

Дүйсенбі күні қуатты дауыл АҚШ-тың шығыс штаттарына келіп жетті. Әрине, бұл ретте алғашқы соққы Нью-Йорк, Нью-Джерси және Пенсильвания штаттарына тиген болатын. Дегенмен астаналық окург саналатын Колумбия да сұрапыл апаттан зардап шеккен еді. Нью-Йоркте тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жүргізіліп, шамамен 375 мың адам баспаналарын тастап шықты. Шығыс жағалауда мыңдаған әуерейстері тоқтатылды, пойыздар депоға қойылып, барлық жеке және мемлекеттік мекемелер бір аптаға жұмыстарын тоқтатты. Төтенше жағдай бірқатар шығыс штаттарда жарияланды.

«Франкенштормнан» кейін Үлкен алма қаласы естен тандырарлық жағдайға душар болды. Еңсені езер ақырзаман туралы фильмдегі көріністер шындыққа айналғандай. Барлық жерде түп-тамырымен жұлынған ағаштар, бүлінген автомобильдер, қираған құрылымдар, су астына қалған метро стансалары, жағалауға шығып қалған кемелер мен өртеніп кеткен бүкіл қала орамдары сол фильмдердегі сұмдық көріністерді көз алдыңа қайта әкеледі. Барлық жерлерде де адамдар азық-түлік пен ең қажетті тауарларды сабыла іздеу үстінде.

АҚШ-та осы дауыл салдарынан келген жалпы шығын 20 млрд. доллар (мүлік шығыны) көлемінде бағалануда, дегенмен, егер кәсіпорындардың ықтимал кірістерін ескерер болса, онда бұл цифр 50 млрд. долларға да жетіп жығылуы кәдік. Толықтай алғанда штаттарда шамамен жүз адам мерт болды. Әлгі күнге дейін 8 млн-нан астам адам электр жарығынсыз күн кешуде. 1 қарашадағы мәліметтер бойынша «Сэнди» дауылынан 7 елден барлығы 140-тан астам адам қаза тапқан.

Айтпақшы, апат АҚШ Президенттігіне кандидат Барак Обама мен Митт Ромнидің сайлауалды науқанын жүргізу шараларына да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Олар өздерінің сайлауалды шараларының кестесіне қосымша өзгерістер енгізіп, бірқатар кездесулерден бас тартты. Егерде апта басында екі бәсекелестің рейтингтері деңгейлес болатын. Дегенмен бірқатар сарапшылардың пайымдауынша, қазіргі әкімшілік «Франкеншторм» салдарын жоюға қолдан келетін, тіпті келмейтін де шараларды дұрыс пайдалана алса, онда қазіргі мемлекет басшысының сайлау қорытындысында жеңіске жетуіне мүмкіншілігі толығымен бар.

Еске саларлығы, «Сэнди» соңғы күндері орын алған жалғыз табиғи апат емес. Есте болса, өткен апта ішінде Филиппиннің орталық аудандары аумағында орын алған «Сон-Тинх» тропикалық дауылының соғуы салдарынан кемінде 24 адам қаза тапқан еді. Екпіндете соққан дауылдың ең жоғары жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жетіп, шамамен 40 мың адам баспанасыз қалға болатын. Апат салдары да әртүрлі, атап айтқанда электр беру желілері үзіліп, су басты. Бұдан бөлек, Италия халқы да табиғаттың тосын мінезіне душар болды. Нөсер жаңбыр мен Жерорта теңізінің күзгі дауылы елдің бірнеше қалаларын су астында қалдырса, ал Венецияда қаланың жалпы аумағының 58 пайызын топан су басып қалды.

Бірқатар ғалымдардың болжамынша, «Сэнди» дауылы таяу онжылдықтың ішінде ерекше орын алатын құбылыстардың, табиғи апаттардың кезеңін ашпақ. Мұндай түбегейлі өзгерістің басты себебі ретінде мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхиттардың су деңгейінің арта түсуі аталуда.

Сарапшылардың мәліметтеріне қарағанда, отыз жылдың ішінде арктикалық мұздықтың шамамен 2 млн. шаршы метрі еріп кеткен. Мұндай қарқынмен 2100 жылға қарай Арктика өзінің барлық мұз жабындыларынан айырылуы мүмкін. Ал бұл атмосфераның түбегейлі өзгеріске ұшырауына алып келетіндігі даусыз.

Соңғы жаңалықтар