Жарияланды: 450

ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Еуроаймақтың күйреуі кейінге қалдырылды. Кезекте - АҚШ-тағы «қаржылық сарсаң»

Өтіп бара жатқан апта ішінде әлемдік оқиғалардың қатарындағы ең маңыздылардың біріне Грекияға байланысты Еуропа Одағы құрылымының оң шешім қабылдауы арқасындағы әлемдік экономиканың тұрақтану белгілерінің байқалуын ерекше атап өтуге болады.

Бейсенбі күні еуроаймақтың Қаржы министрлері кеңесі Грекия ағымдағы жылдың жазынан бері сарыла күткен 49,1 млрд. еуро көлеміндегі қаржылық траншты беруді мақұлдады. Грекияға кезекті транш бөлу туралы шешім елдің меншікті мемлекеттік қағаздарды инвесторлардан Еуропалық қаржылық тұрақтылық қорынан алтыайлық қағаздарды айырбастау арқылы сатып алу процедурасын Еуропа тобының оң бағалауына түрткі болды. Таяу аралықта ел 34,3 млрд. еуро алады. Ал банктерді қайта капиталдандыру мен ағымдық шығыстарды жабуға арналған қалған сома келер жылдың бірінші тоқсанында аударылатын болады. Бюджетті қаржыландыруды жабуға арналған қаржы халықаралық кредиторлар үштігімен келісілетін өзара түсіністік туралы меморандумдардың нақты кезеңдерін жүзеге асырумен байланысты үш суб-траншпен төленбек деген де ақпарат бар. Бүгінгі қабылданған шешімдердің нәтижесінде Грекия сыртқы қарыздарын қоса алғандағы өзінің барлық бюджеттік міндеттемелерін орындау үшін қажетті қаржыға қол жеткізеді. Міне осы жаңалықтардан сарапшылар еуроаймаққа қатысты барынша батыл болжамдар жасауда. BNP Paribas валюталық стратегі Стивен Сэйвэллдің атап өтуінше, 2013 жылы тіпті еуро долларға қарсы 1,35 деңгейіне дейін өсетін болады. Оның атап өтуінше, еуроаймақ алдағы уақыттарда ыдырамайтын болады. ал Грекия сынды басқа да экономикасы тұрақсыз елдер қатысушы елдер құрамында қала бермек. Дегенмен, осы аптадағы жағымсыз жаңалықтар мұхиттың ар жағындағы алып ел АҚШ-тан дүркін-дүркін шыға бастады. АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің басшысы Бен Бернанке «қаржы саласындағы тұралаушылық» қазірдің өзінде АҚШ-тың экономикасына әсер ететіндігін мәлімдеген еді. Бұл термин 2010 жылы қабылданған салық жеңілдіктері туралы заңның сонымен қатар 2011 жылы қолданысқа енгізілген бюджеттік бақылау туралы заңның келесі жылдың 1 қаңтарынан өз күшін жоятындығын білдіреді. Осыдан кейін федералды бюджет 600 миллиард долларға (бұл жалпы ішкі өнімнің 6 пайызын құрайды) қысқарып, ал салық ставкалары автоматты түрде орташа есеппен алғанда 5 пайызға артады. АҚШ Президенті Барак Обама әкімшілігі мен Өкілдер палатасындағы республикашылар арасындағы келіссөздердегі ілгерілеушіліктің болмауы тұтынушылар мен кәсіпкерлердің сенім деңгейіне теріс ықпал етуде әрі инвестицияның төмендеуіне әкеп соғады. Бұған қоса , Федералдық резервтік жүйе «қаржы саласындағы тұралаушылықтың» ауқымдылығына байланысты оның теріс салдарын жеңілдетуге қарсы мүмкіншліктері тым аз болмақ. Б.Бернанкенің пайымынша, экономиканың мемлекеттік және жеке сектор бірлесіп өнімді жұмыс істегенде ғана тұрақты өсімге қол жеткізіледі. Оның атап өтуінше, экономикалық өсімге кедергі болмайтын әрі қарыздарды қысқартуға мүмкіндік беретін фискалдық саясат бойынша заңнамалық өзара қол жетімді шешімдерді іздеу өте маңызды. Егерде «қаржы саласындағы тұралаушылық» проблемасы қалай болғанда да шешілмейтін болса, онда АҚШ-қа жұмыссыздықпен, бюджет тапшылығымен және қаржы нарығындағы алаңдаушылықпен байланысты өте күрделі проблемаларды алдағы уақытта күтуіне тура келеді. Дегенмен, сарапшылар Вашингтондағы саяси күштер түбінде қажетті шешімдер қабылдайды, ал республикашылар мен демократтар дауы басқа да заңнамалық бастамаларда өз дегендеріне жету үшін ғана жүргізіліп отырған саясат санайды. Жалпы экономистердің бағалаулары бойынша, ағымдағы жыл тұрақты аймақта аяқталатын болады. Бірақ та, әлемдік қаржы жүйесінң одан арғы жай-күйі рецессия үдерістерінің басымдыққа ие болуымен және дамудың төмен қарқынымен сипатталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін