Үндістан өкілі Мануши Чхиллар "Әлем аруы-2017" сұлулық байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды "Қазақстан" аруының Instagram-дағы ресми парақшасында.
Конкурс сенбі күні кешке Қытайдың Санья қаласында өтті.
Конкурс жеңімпазы 21 жаста екені белгілі болды. Мануши Чхиллар екінші және үшінші орынды иеленген мексикалық Андреа Мезу мен британиялық Стефани Хилді басып озды.
Қазақстандық Гүлбану Әзімханова үздік 40-қа кірді.
Индонезия, Ресей, Оңтүстік Корея, Ямайка, ОАР, Кения мен Францияның қыздары үздік ондықтан көрінді.
Байқауға 40 елдің қыздары қатысты.