Әлем чемпинатында қазақстандық боксшы Олжас Сүлейменов жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпинатында қазақстандық боксшы Олжас Сүлейменов жеңіске жетті

Әлем чемпинатында қазақстандық боксшы Олжас Сүлейменов жеңіске жетті

Бакуде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының екінші күнгі сайыстары 52 келі салмақ санатындағылардың жекпе-жегімен басталды.

  • 28 Қыркүйек 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық спортшы Олжас Сүлейменов мароккандық Абдельфаттах Нафильмен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы раунды бірін-бірі байқау түрінде сылбыр басталғанымен, екінші минуттан кейін Олжас белсенді қимылға көшіп, раундтың соңына қарай соққыны үдетті, алайда мароккандық жақсы қорғана біледі. Сөйтіп алғашқы раунды 1:0 есебімен Олжастың аз ғана басымдығымен аяқталды. Екінші раундта боксшылар алма-кезек шабуылға шықты. Бұл жолғы есеп 6:4 болып, айырмашылық ұлғая түсті. Соңғы раундта біздің боксшымыз қол жеткен табыстарын еселей түсіп, жалпы есеп 14:7 болып, ойын Олжастың жеңісімен аяқталды.

Бүгін 81 келі салмақтағы Әділбек Ниязымбетов молдовалық боксшы Владимир Челеспен сынға түседі.