Испандық делегация отырған ұшақ дүйсенбі күні түстен кейін елдің «Барахас» әуежайына келіп қонды. Құрама футболистері мен жаттықтырушылар штабы туған жерге табан тіресімен-ақ, оларды алдымен король сарайына алып келді. Мұнда жеңімпаздарды король Хуан Карлос, ханшайым София және басқа да король отбасының мүшелері қарсы алды. Содан кейін чемпиондарды премьер-министр Хосе Луис Родригес Сапатеро қабылдады.
Премьердің «Ла Монклао» резиденциясынан ашық автобусқа отырып шыққан футболистерді Мадридтің орталық көшелері арқылы бірнеше үлкен экрандар орнатылған «Пуэнте дель Рей» алаңына алып келді. Испанияның жеңімпаздар құрметіне арнаған салтанаты таңға дейін жалғасты.