Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Аслан Кәженов фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жетісуда өткен жарыста бірінші орын мен екінші, үшінші орындардың сыйақысы арасында үлкен есе айырмашылық бар.
"Братан берді, братишка алды…
Қазақ деген өте аңғал халық. Бірақ, оны лох деп қабылдауға болмайды. Елдің көзі ашық. Бәрін байқап отыр, бәрін бақылап отыр. Оп-оңай ауызын ұра салам дегендер қателеседі. Түсіндірейін.
Еліміздің барлық аймағында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу өтті. Әсіресе, Жетісу облысындағы жарыс қатты таңдандырды. Жеңімпаздың қолындағы сертификатты қараңыз. 7 миллион теңге. Ал, жеңімпаз — Руслан Абдразақов. Сол сертификатты облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл табыстады. Ұлан Русланның ағасы. Яғни, братан берді, братишка алды.
Енді екінші және үшінші орын алғандарға назар салайық. Көрсеткіш бас жүлдемен салыстырғанда, сәйкесінше, 7 және 14 есе аз. Қандай жарыста осындай сыйақы тағайындалады? Аналардікі неге аз демеймін. Русландікі неге тым көп? Міне, мені осы алаңдатады.
Одан кейін басқа аймақтармен салыстырдым. Жетісу сияқты бірде-біреуі жүлдеге деп оңды-солды шашылмаған. Қарағанды облысында жеңімпаз 500 мың, ал Шығыс Қазақстан облысында 100 мың теңге алды және солай кете береді. Ең потологы — Жетісуда. Неге? Бұл өңірде қазақ күресінен басқа шаруа жоқ па? Облыстық басқарма ойға келгенін жасай бере ме? Халықтың алдында есеп беріп, жағдайды түсіндіргісі келмей ме? Өйткені, ол айналып келгенде сол халықтың ақшасы ғой.
Одан кейін мен сол 7 миллионды күні кеше әлем чемпионатында топ жарған боксшылардың сыйақысымен салыстырдым. Бірдей. Яғни, дүниежүзідік додада алтын алған спортшы мен бапкеріне мемлекет ресми 15 мың АҚШ долларынан табыстайды.15 мың доллар шамамен 7 миллион теңгеге жуық. Жуық. Оның өзінде жетпейді. Ал, Руслан олардан жоғары сыйақы алып тұр.
Қысқасы, мынадай бассыздықты срошно тоқтату керек. Аймақтағы әкімдік пен олардың басқармалары өзін құдай санап, ойға келгенін жасамасын. Халықтың қызметкері екендерін ұмытпасын. Ал, әлгі сыйақыға қатысты арнайы аудит жасалып, тыңғылықты тексеріс жүргізу керек…", деп жазды.