Әлем чемпионаты: Қазақстандық ауыр атлеттер үздік үштіктің қатарында - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионаты: Қазақстандық ауыр атлеттер үздік үштіктің қатарында

Әлем чемпионаты: Қазақстандық ауыр атлеттер үздік үштіктің қатарында

10-18 мамыр күндері Гватемаланың Антигуа қаласында 20 жасқа дейінгі ауыр атлетшілер арасында Әлем чемпионаты өтті.

  • 21 Мамыр 2012
  • 468
Фото - Caravan.kz

Онда 2 алтын, 2 қола медальмен командалық есепте 3-орынды жеңіп алған спортшыларды жанкүйерлер кеше түнде Алматы әужайында күтіп алды. Дүниежүзінің 52 елінен 440 спортшы қатысқан дүбірлі додада ерлер арасында 250, әйелдер арасында 190 атлет күш сынаған болатын. Онда қазақсандық спортшылар толық құраммен қатысқан Қытай (6 алтын, 4 күміс және 1 қола) мен Ресейден (4 алтын, 3 күміс, 1 қола) кейін командалық есепте үздік үштіктің қатарына енді.

«Гватемаладағы көрсеткіш көңілімізді марқайтты. Осы жарыс арқылы көпшілік біздің елде дарынды жастардың қаулап өсіп келе жатқандығына тағы да көз жеткізді. Былтыр 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер Перуде өткен Әлем біріншілігінен де олжалы оралды. Одан кейін Малайзиядағы 20 жасқа дейінгі жастардың Әлем біріншілігінен де отандастарымыздың қоржыны бос қайтпады. Сол жеңісті дәстүр биыл да жалғасын тауып отыр», — деді ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов.

Оның айтуынша, бұл ретте қазақ зілтеміршілерінің қол жеткізген табысына да баса назар аударған жөн. Жазира Жаппарқұл — қандастарымыздың арасынан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанса, Жасұлан Қыдырбаев санаулы ғана жүлдегерлеріміздің қатарын толықтырды. Ибрагим Берсанов пен Карина Горичева да жарады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера