Әлем чемпионаты 16-28 шілде аралығында Жапонияда өткізіледі. Дүбірлі дода биыл он алтыншы мәрте жалауын көтерді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары — Испания, Израиль және Нидерланд.
Алғашқы кездесуінде ел құрамасы Израильге 6:17 есебімен есе жіберді.
Енді олар 18 шілдеде Нидерландпен, 20 шілдеде Испаниямен шеберлік байқасады.
Қазақстан әйелдер құрамасы биыл оныншы мәрте әлем чемпионатында бақ сынап отыр. Әзірге ең жоғары жетістігі — 2001 жылғы сегізінші орын.
Сондай-ақ, дүбірлі додада еліміздің ерлер құрамасы А тобында АҚШ, Австралия, Грекиямен сынға түседі. Олар 17 шілдеде АҚШ, 19 шілдеде Грекия, 21 шілдеде Австралиямен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, Жапонияда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған қазақстандық төрт спортшы қатысады.