Катардің қаржы министрі Әли Шариф әль-Эмади 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін ел басшылары түрлі инфраструктуралық жобаларға аптасына 500 мың доллар жұмсап жатқанын айтты, деп хабарлайды "Р-Спорт".
Жалпы 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін Катар 200 миллиард доллар жұмсайды екен. Бұл қаржылар жаңа станидондар, әуежай, дәріхана және басқа да ғимараттар соғуға кетеді.
"Біз 2022 жылғы әлем чемпионатын қабылдау үшін көптеген жобаларға аптасына 500 мың доллар жұмсап жатырмыз. Мақсатымызға жету үшін алдағы екі-үші жылда да қаржы осылай жұмсалады", — деп келтіреді әль-Эмадидің сөзін Guardian.
Айта кетейік, Катардағы әлем чемпионаты 2022 жылы 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.