Әлем чемпионатында еркін күресшілердің қоржыны бос қайтатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионатында еркін күресшілердің қоржыны бос қайтатын болды

Әлем чемпионатында еркін күресшілердің қоржыны бос қайтатын болды

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында жарыстың алғашқы 3 күнінің қорытындысы бойынша қазақстандықтардың қоржыны әлі бос келе жатыр. Руслан Өмірәлиев баптайтын еркін күресшілер бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмады. Олар 2011 жыл Түркияда өткен соңғы Әлем чемпионатында 2 қола медальмен оралған еді. Командалық есепте бұл додада 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен Иран құрамасы бірінші орын алды. Екінші орынды 2 алтын, 3 күміспен Ресей, үшінші орынды 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдемен Грузия спортшылары түйіндеді.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 585
Фото - Caravan.kz


Кеше сондай-ақ, Гузель Манюрова тізгінін ұстаған әйелдер күресінен өз белдесулерін өткізген Зульфия Яхъярова (48 кг) мен Татьяна Аманжол (51 кг) да жүлдеден тыс қалды. Бүгін енді Айжан Исмағұлова (55 кг), Джулия Сатымбекова (59 кг) және Екатерина Ларионова (63 кг) бақ сынайды. Ал ертең Эльмира Сыздықова (67 кг) мен бапкерлікті қатар атқарып жүрген Гузель Манюрова (72 кг) және грек-рим шеберлерінен Нұрсұлтан Қалмырзаев (55 кг) өз белдесулерін өткізеді. Одан кейін сенбіде Алмат Кебіспаев (60 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (84 кг), Ерұлан Ысқақов (96 кг), ал жексенбіде Ербол Қоныратов (66 кг), Асхат Ділмұхамедов (74 кг), Нұрмахан Тінәлиев (120 кг) елдің үмітін ақтауға тырысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера