Әлем чемпионатында Қазақстанның хоккейшісі қатты жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионатында Қазақстанның хоккейшісі қатты жарақат алды

Әлем чемпионатында Қазақстанның хоккейшісі қатты жарақат алды

Швецияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстанның құрама командасының өкілі Роман Старченко қатты жарақат алды.

  • 8 Мамыр 2012
  • 445
Фото - Caravan.kz

Чемпионат аясында Қазақстанның хоккейшілері алғашқы кездесуді француздармен өткізген еді. Сол ойында қарсыластардың шабуылшысы Саша Трей Қазақстан құрамасының хоккейшісі Роман Старченконың басынан ұрып жіберген. Соққының қатты болғаны сонша, Р.Старченконың миы шайқалған көрінеді. Осының салдарынан ол турнирді әрі қарай жалғастыра алмайтын сияқты. Ал С.Трей сол үшін Чемпионаттың төрт бірдей матчынан шеттетілді.

Айта кетейік, шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын хоккейшілер — Талғат Жайлауов, Роман Савченко, Роман Старченко, Дмитрий Дударев, Вадим Краснослободцев, Федор Полищук, Алексей Трощинский, Виталий Новопашин және тағы басқалар қорғап жүр. Осыдан кейін форвард Романның (Старченко) біреуі Әлем Чемпионатын тек жанкүйер ретінде ғана тамашалауға мәжбүр болды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера