Әлем чемпионатында ҚР құрамасы командасы 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді олжалады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионатында ҚР құрамасы командасы 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді олжалады

Әлем чемпионатында ҚР құрамасы командасы 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді олжалады

Бразилияда бозбалалар арасында қазақ күресі бойынша өткен әлем чемпионатында ҚР құрама командасы басып озып, 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды,

  • 26 Сәуiр 2012
  • 443
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР спорт және дене шынықтыру істері агентігінің баспасөз қызметі.

Сәуірдің 15-нен 22-не дейін Сан-Паулу (Бразилия) қаласында бозбалалар арасында қазақ күресі бойынша әлем чемпионаты өтті. Сайысқа спортшылар 12 елден — Қазақстаннан, Бразилия мен Уругвайдан, Чилиден, Гватемаладан, Литва мен Беларуссиядан, Ресейден және Үндістаннан, Ираннан, Германиядан және т. б. мемлекеттерден қатысты.

Сайыс 3 салмақ санаты (дәрежесі) бойынша — 60, 70 және +70 келіде өтті. Қазақстанның құрама командасы әлем чемпионатынан 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді еншілеп қайтты. Бүгін түнде Қазақстанның құрама командасы Астанаға оралады.