Әлем чемпионы атағын қорғау үшін Геннадий Головкин колумбиялық Нельсон Тапиамен жекпе-жек өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионы атағын қорғау үшін Геннадий Головкин колумбиялық Нельсон Тапиамен жекпе-жек өткізеді

Әлем чемпионы атағын қорғау үшін Геннадий Головкин колумбиялық Нельсон Тапиамен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 16 желтоқсанда Астанада Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы бойынша Әлем чемпионы атағын қорғау үшін алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

  • 22 Қараша 2010
  • 584
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненконың айтуынша, кездесу Қазақстан Әуесқой бокс федерациясы кубогының ақтық сайысынан кейін өтеді. Қазір құзырлы мекемелер бұл шараның құжаттарын әзірлеп жатыр.

Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 15 тамызда Панамадағы Роберто Дуран аренасында колумбиялық Мильтон Нуньезбен өткізген еді. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының 72,6 келіге дейінгі салмақтағы бүгінде бос тұрған Әлем чемпионы атағы үшін болған бұл сайыста қазақстандық боксшы қарсыласын алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал қазан айында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы Г. Головкинді толыққанды Әлем чемпионы деп жариялаған болатын. Өзінің бұл атағын қорғау үшін Геннадий алғашқы кезде Берлинде мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесетіні туралы сөз қозғалған еді. Кейін қарсыласы өзгеріп, колумбиялық Нельсон Хулио Тапиямен болатын жекпе-жекті Г. Головкин Қазақстанда Алматы мен Астана қалаларының бірінде өткізуге құлшыныс білдірген болатын.

Нельсон Хулио Тапиа бұған дейін 17 кездесу өткізіп, оның 14-ін жеңіп (10-ы нокаутпен), екеуенде жеңіліс тауып, біреуінде тең түсті. Ал Геннадий Головкин болса 18 кездесуді түгел (15-і нокаутпен) өз пайдасына шешкен болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера