Әлем чемпионы Г. Головкин кәсіпқой бокстан кеткеннен кейін Қазақстанда боксты дамытуға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионы Г. Головкин кәсіпқой бокстан кеткеннен кейін Қазақстанда боксты дамытуға ниетті

Әлем чемпионы Г. Головкин кәсіпқой бокстан кеткеннен кейін Қазақстанда боксты дамытуға ниетті

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан кеткеннен кейін Қазақстанда кәсіпқой боксты дамытуға ниетті.

  • 27 Желтоқсан 2011
  • 706
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында ол бүгін Астанада мәлім етті.

«Кәсіпқой бокстан спорттық мансабым аяқталғаннан кейін Қазақстанда кәсіпқой боксты дамытуға атсалысқым келеді. Егер әуесқой бокс жайында сөз қозғалатын болса, онда бұл бағытта да еңбек етуге дайынмын»,-деді Г. Головкин.

1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда өмірге келген Геннадий Головкин бұған дейін 22 кездесу өткізіп, оның бәрінде де (19-ы нокаутпен) жеңіске жеткен болатын. Кәсіпқой бокс рингіндегі алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы 6 мамырда Германиядағы Нордрхейн-Уестфаленде (Nordrhein-Westfalen) өткізіп, Габор Валогхты (Gabor Balogh) нокаутпен ұтқан еді. 2009 жылы 11 маусымда Германияда Жохн Андерсон Карвалхомен (John Anderson Carvalho) болған сайыста Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының Құрлықаралық чемпионы атағын жеңіп алған Геннадий 2010 жылы 14 тамызда Панамада Милтон Нунезбен ( Milton Nunez) болған кездесуде Әлем чемпионы белдеуін беліне байлаған болатын. Одан кейін Геннадий 2010 жылы 16 желтоқсанда Астанада Нилсон Жулио Тапианы (Nilson Julio Tapia), ал 2011 жылы 17 маусымда Панамада Кассим Оуманы (Kassim Ouma) нокаутпен ұтып өз атағын сәтті қорғап шыққан еді. Мұнымен қоса, биылғы желтоқсан айындағы соңғы кездесуінде Геннадий Головкин бірінші раундта 32 жастағы американдық Лахуан Саймонды нокаутпен жеңіп, атағын қорғап қалды.

Г. Головкин бүгінде суперчемпион Феликс Штурммен жекпе-жек өткізу бойынша келіссөздер жүріп жатқандығын жеткізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Геннадий Головкинге «Парасат» орденін тапсырды.