Sport Illustrated басылымының шолушысы Крис Мэнникс өзінің микроблогында Куиллин-Головкин сайысына қатысты Шефердің: «Бізге ұсыныс жасаңыздар. Біз сайысуға дайынбыз», — деген сөздерін келтірген. Қазіргі кезде Головкиннің командасы Геннадийдің орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы атағының иегері мексикандық Хулио Сезар кіші-Чавеспен жекпе-жегін ұйымдастыру жөніндегі келіссөздерді аяқтау қарсаңында.