Әлем елдерінің туында сиякөк түс кездеспейді. Неге? - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем елдерінің туында сиякөк түс кездеспейді. Неге?

Әлем елдерінің туында сиякөк түс кездеспейді. Неге?

Әлемде әр түрлі елдер бар. Бірақ олардың мемлекеттік туларында сиякөк түс қолданылмайды. Дегенмен бұл ерекше әрі танымал түстердің бірі.

  • 4 Маусым
  • 15
Фото: Фейсбук парақшасынан алынған

Оның себебін Сaravan.kz медиа порталы түсіндіреді.

Біздің эрамызға дейінгі 1800 жылға дейін күлгін түс өте сирек кездесетін болған. Ол алтыннан да қымбат болғандықтан, бұл түс байлық пен биліктің белгісіне айналды. Бұл сиякөк түсті тек Елизавета ханшайым ғана киді. Сондай-ақ ол тек патша отбасынан шыққан адамдарға ғана киюге рұқсат еткен.

Күлгін түстің ерекшелігі бар. Ол өте сирек кездесетін және оны өндіру үшін қолданылатын бояу қымбат болған. Себебі бояу Финикия дәуірінен бері Тир Оңтүстік Ливан қаласындағы саудагерлерде ғана кездесетін. Әлемнің ешбір жерінде кездеспейтін кішкентай теңіз ұлуларын аулау өте қиын. Оны алу үшін өте үлкен жұмыс атқарылған.

Сондықтан оларға бір грамм бояу алу үшін 10 000-нан астам ұлудың қабықтары қажет болған. Осы себептерден сиякөк түсі тек билеушілерге ғана қолжетімді болды. Сондықтан аталмыш түс Египет, Рим және Парсы билеушілерімен тікелей байланысты.

Бояу тіпті кейбір билеушілер үшін де қымбат болған. Рим императоры «Аврелиан» әйеліне күлгін түсті халат сатып алуға рұқсат бермеген. Өйткені бояудың құны алтыннан үш есе қымбат.

Күлгін түс 1856 жылдан бастап көпшілікке қолжетімді бола бастады. Ол кезде 18 жастағы химик Уильям Генри Перкин безгек ауруына ем іздеумен айналысып жатқан. Тәжірибе кезінде кездейсоқ күлгін түстің қосындысына қол жеткізіп, маталарды күлгін түске бояуға болатынын түсінген. Үлкен жаңалыққа қол жеткізгенін білген жас ғалым өзінің жұмысын патенттеп, кейін үлкен көлемде шығара бастаған. Осы жаңалығының арқасында дәулеті артып, байлыққа қол жеткізген.

Сол уақыттан бері күлгін түс барлық адамдарға қол жетімді. Және оның ерекше мағынасы бүгінгі күні жойылды. Алайда, әлі күнге дейін ешбір елдің туында аталмыш әдемі түс кездеспейді. Себебі көпшілігі сол уақыттан бері өзгерген жоқ.