Бұл туралы Инстаграмдағы байқау парағында хабарланды, — деп жазды Stan.kz.
Бұған дейін Әбдікәрімованың өзі халықаралық байқауға қатысатынын мәлімдеген. Күні кеше Жұлдыз ханым байқаудың жеңімпазы атанды.
"Бұл тек сыртқы ғана емес, ішкі сұлулықтың, ақыл-ойдың үйлесімін көрсетуге, нәзік рухани әлемді ашуға мүмкіндік беретін жарыс. Іс-шараның басты мақсаты — бүкіл әлемдегі әйелдерге қолдау көрсету. Пандемияға байланысты биыл байқау онлайн режимінде өтеді", — деп жазды Жұлдыз желтоқсанның басында.
Дауыс беру желтоқсанның 1 мен 24 аралығында өтті.
Miss Universe — бұл жыл сайынғы және беделді халықаралық сұлулық байқауы. Оған әлемнің барлық елдерінен 18 мен 55 жас аралығындағы әйелдер қатысады.