"Әлем кубогы": Гимнастар Нариман Қурбанов пен Зейнолла Ыдыросов финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әлем кубогы": Гимнастар Нариман Қурбанов пен Зейнолла Ыдыросов финалға шықты

"Әлем кубогы": Гимнастар Нариман Қурбанов пен Зейнолла Ыдыросов финалға шықты

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды.

  • 10 Сәуiр
  • 2
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Курбанов 14,766 ұпай жинап, бірінші орынмен шешуші кезеңге өтті.

Зейнолла Ыдырысов өз өнері үшін төрешілерден 14,700 ұпай алып, іріктеуде екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңінің финалы 10 және 11 сәуір аралығында өтеді.