Әлем кубогының қазақстандық кезеңіне қатысушылар 1 қарашада елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде дайындыққа кіріседі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем кубогының қазақстандық кезеңіне қатысушылар 1 қарашада елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде дайындыққа кіріседі

Әлем кубогының қазақстандық кезеңіне қатысушылар 1 қарашада елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде дайындыққа кіріседі

Әлем кубогының қазақстандық кезеңіне қатысушылар 1 қарашада елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде дайындыққа кіріседі, деп хабарлайды қазақстандық велоспорт федерациясының баспасөз қызметі.

  • 31 Қазан 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Велотректен әлем кубогының қазақстандық кезеңіне қатысуға өтініш берген спорт делегацияларының жартысы Астанаға келді. Ертең (1 қараша — ҚазТАГ) олар «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ресми түрде дайындық жаттығуларына кіріседі», — делінген дүйсенбі күнгі ақпаратта.

Баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, Астанада ресми дайындық жаттығулары басталғанда 22 елдің 340 спортшысы мен велоспорт федерацияларының өкілдері болады.

Квалификациялық жарыс 3 қарашада басталады, ашылу рәсімі 4 қарашаға жоспарланған.

Әлем кубогының астаналық кезеңіне қатысуға 22 кәсіпқой тректік команда мен 44 ұлттық құрама өтініш түсірді.