Әлем қазақтары Ақтөбеде бас қосады
2013 жылдың 7-8 маусымында Ақтөбе қаласында «Ұлы мұра» халықаралық өнер фестивалі өтеді. |
Фестиваль Ақтөбе қаласының әкімдігі және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Ақтөбе қалалық филиалының тарапынан ұйымдастырылмақшы. Аталмыш фестивальға дүниенің түкпір-түкпірінен келген қазақтар қатыса алады.
Тарихи Отанынан тыс жерлерде жүрген қазақтармен мәдени байланыс орнатып, достықты нығайту мақсатымен ұйымдастырылып отырған «Ұлы мұраның» бағдарламасында фестивальдар, конкурстар, сурет көрмелері, концерттер, Қазақ мәдени орталығы және басқалардың қатысуымен дөңгелек үстелдер мен форумдарды өткізу қарастырылған. Сондай-ақ, қатысушыларға ерекше әсер қалдырмақ ниетпен экскурсиялар мен мәдени бағдарламалар да ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін