Әлемде азық-түлік қорына қатысты жағдай нашарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемде азық-түлік қорына қатысты жағдай нашарлауда

Әлемде азық-түлік қорына қатысты жағдай нашарлауда

Әлемде азық-түлік қорына қатысты жағдай нашарлады, егер азық-түлік өнімдері сұранысқа сәйкес жылдам арттырылмаса, дефицитке тап болуымыз ықтимал, деп топшылайды танымал америкалық инвестор Джим Роджерс.

  • 30 Маусым 2011
  • 534
Фото - Caravan.kz

«Бізге бірдеңе жасау керек, әйтпесе бірнеше жылдан кейін азық-түлік тағамдарын ешқандай ақшаға ала алмайтын боламыз», деді ол, оның сөздерін Bloomberg келтіріп отыр, Д.Роджерс Rogers Holdings басшысы болып табылады. «Мүмкіндігіме қарай мен бұрынғыдай ауыл шаруашылық активтеріне инвестиция құюдамын».

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы жүргізген мониторингісіне қарағанда, азық-түлік бағасы соңғы 11 айда 9 есеге өскен, 2011 жылы ақпанда тіркелген рекордты деңгей мамыр айында да сақталды, өйткені жүгері мен бидайға деген әлемдік сұраныс ұсыныстан артып кетті, ал құрғақшылық пен су тасқыны бірқатар елдерде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің астығын жойып жіберді.
Өткен аптада 20 елдің ауыл шаруашылық министрлері ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттыру , экспорттық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар