Әлемде электромобильдердің сатылымы артып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемде электромобильдердің сатылымы артып келеді

Әлемде электромобильдердің сатылымы артып келеді

Британдық Rho Motion зерттеу компаниясының мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында электромобильдердің жаһандық сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, 9,1 миллион дананы құрады

  • 28 Шiлде
  • 4
ФОТО: freepik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Маусым айында электромобильдердің сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға артып, 1,8 миллион данаға жеткені атап өтілді.

Бұл тұрғыда Қытай сөзсіз көшбасшы. Дүние жүзінде сатылған көліктердің 5,5 миллионы Қытайға тиесілі.

Еуропада 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында электромобильдердің сатылымы 26%-ға өсіп, 2 миллион дана болды.

Солтүстік Америкада (АҚШ, Канада, Мексика) соңғы алты айда сатылым 3%-ға төмендеп, тек 900 мың электромобиль сатылды.

Қалған елдерде сату көлемі 40%-ға өсіп, 700 мың электромобиль сатылды.

Перейти к новостям спорта