Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
COVID-19 дерегінің көпшілігі АҚШ-та (35 миллионнан аса), Үндістанда (31,8 миллион), Бразилияда (20 миллион), Ресейде (6,27 миллион), Францияда (6,27 миллион) және Ұлыбританияда (6 миллионға жуық).
Жалпы, әлемде COVID-19 инфекциясынан туындаған асқынулар салдарынан 4 252 873 адам қайтыс болған.
Университет мәліметінше, қазіргі уақытта бүкіл әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 228 884 979 дозасы бар.
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс кедей мемлекеттер өз азаматтарына вакцина жетіспеген жағдайда, кем дегенде алғашқы компонентін алатындай етіп қайта вакцинациялауға уақытша мораторий енгізуге шақырған болатын.