Жарияланды: 690

Әлемде өз елінен жырақта білім алып жатқан студенттер саны

Әлемде өз елінен жырақта білім алып жатқан 4,1 миллион студент бар.

Бұл туралы Алматыда өткен «Орталық Азиядағы жоғары білім берудің дамуы: сапаны қамтамасыз етудің, ақпараттың және саралаудың маңызы» деп аталатын аймақтық форумда айтылды. «Шетелдерде білім алып жатқан студенттер негізінен Оңтүстік Шығыс Азия мен Орталық Азия жастары. Ал Батыс Еуропа, Солтүстік Америка мен Австралия соңғы тізімдерді. Бүгінгі таңда әлемде өз елінен тыс жерде білім алып жатқан 4,1 миллион студент бар. Олардың 465 мыңы рейтингтің «үздік жүздігіне» кірген университеттерде оқиды. Биыл олардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға ұлғайып отыр», - деді QS (Quacquarelly Symond) халықаралық рейтинг агенттігінің Орталық Еуропа және Орталық Азиядағы аймақтық директоры Зоя Зайцева. Оның айтуынша, шет елде оқитын студенттер арасында қазақстандықтардың үлесі жыл сайын артып келеді. Бұл олардың бәсекеге қабілеттігі мен елдегі жоғары білім беру жүйесінің жоғарылығын көрсетеді. Зайцеваның сөзінше, қазақстандық жоғары оқу орындары өздерінің шет елдердегі абырой-беделдерін арттыруға көбірек көңіл бөлулері керек. Бұл үшін олар шетелдік студенттердің өз білім ордаларында оқуына қолайлы жағдайлар жасап, өзге елдердің білікті оқытушыларын білім алмасуға шақыруды белсендіру керек. Әзірге сыртқы әлем үшін Қазақстан әлі ашылмаған арал болып қалуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін