Әлемде шетел елшілеріне жасалған қандай атышулы қастандық оқиғалар болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемде шетел елшілеріне жасалған қандай атышулы қастандық оқиғалар болды

Әлемде шетел елшілеріне жасалған қандай атышулы қастандық оқиғалар болды

Ресейдің Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісінің өлтірілуі әлемді дүр сілкіндірді. Халықаралық деңгейдегі бірқатар сарапшылар мұны ас

  • 21 Желтоқсан 2016
  • 1161
Фото - Caravan.kz

Ресейдің Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісінің өлтірілуі әлемді дүр сілкіндірді. Халықаралық деңгейдегі бірқатар сарапшылар мұны аса сұмдық оқиға деп бағалады. Жалпы халықаралық ереже бойынша соғыс жағдайында отырған елдер болсын, бейбіт мемекеттер болсын елшілердің қауіпсіздігі бірінші орында қамтамассыз етілуі қажет. Бірақ Түркиядағы оқиға шындықтың әлдеқайда алшақ жатқанын көрсетіп берді.

Осы орайда Caravan.kz медиа-порталы түрлі елдердің дипломаттары мен елшіліктеріне жасалған лаңкестік оқиғаларының тізімін жасап көрді.

1980 жылы 30 сәуірде Лондонда Иран елшілігіне басып кірген қарулы 6 лаңкес ғимаратты басып алады. Осылайша олар елшіліктегі 26 адамды кепілге алады. Алты күн күн қамауда ұстаған лаңкестер 5 мамырда пресс-атташе Аббас Лавазаниді атып тастайды. Ақыры сол күні үкімет әскері шабуыл жасап, кепілде отырған елшілік қызметкерлерін босатып алады. Бұл оқиғада елшіліктің екі қызметкері қаза тапты.

1998 жылы 7 тамызда Кения мен Танзанияда орналасқан АҚШ елшілігінде жарылыстар болды. Лаңкестік оқиғаның екеуіде бір күнде бір уақытта таңғы сағат 10:45 те орын алған. Залалы аса ауыр болған жарылыс Кения астанасы Найроби қаласындағы АҚШ елшілігінде болды. Қастандықтан 213 адам мерт болып, төрт мыңға жуық адам әр түрлі жарақат алды. Көз жұмғандардың 12-сі елшілік қызметкерлері.

2005 жылы 2 шілде күні Иракта Египет елшісі Ихаб аш-Шарифті лаңкестер ұрлап алып кетеді. Елшінің көлігі кейін басқа жерден табылды. Ал бірнеше күннен соң. Әл-Қаиданың ирактағы қанаты елші жазаланды деген мәлімет таратты. Бірақ әлі күнге дейін мәйіті табылған емес.

2005 жылы 27 шілдеде Ирактың Бағдад қаласында Алжир елшісі Әли Бельарусси мен атташесі Изеддин Белькадиді белгісіз біреулер ұрлап алып кетіп, кепілге алады. Ал кейін жазаланды. Қастандықты Ирактағы діни ұйымдардың бірі өз мойнына алды.

2008 жылы 20 қыркүйекте
Пәкістанның Исламабад қаласында орналасқан Мариотт қонақ үйінде жарылыс болды. Лаңкестік оқиға салдарынан 53 адам өліп, 226-сы жарақат алды. Көз жұмғандардың арасында Чехияның Пәкістандағы елшісі Иво Ждярек те бар.

2012 жылы 11 қыркүйекте Ливияның Бенгази қаласында АҚШ елшісі Кристофер Стивен мен тағы үш дипломат лаңкестер тарапынан өлтірілді. Алғашқыда қастандық ислам дінін қорлап, Мұхаммед пайғамбар сынға алынатын фильм түсіргені үшін америкалықтардан кек алу мақсатында жасалды деп болжанды. Бірақ кейін тергеу амалдарынан соң қастандықтың алдын ала дайындалып, 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы қарсаңында әдейі жасалғаны мәлім болды.

2013 жылы 1 ақпанда Анкарада АҚШ елшілігі маңында жарылыс болды. Лаңкес жанкешті елшіліктің өткізу бекетіне жеткен тұста жарылып кеткен. Оқиға салдарынан екі күзетші көз жұмып, бірнеше адам жараланды.

2013 жылы 19 қарашада Ливан астанасы Бейрутте Иран елшілігіне лаңкестік шабуыл жасалды. Салдарынан 23 адам көз жұмды. Олардың арасында Иран елшісінің кеңесшісі мен елшілік қызметкерлерінің бірінің баласы болған. Жүзден аса адам ауыр жарақат алды. Аталған лаңкестік оқиғаны Әл-Қаида ұйымы өз мойына алды.

2015 жылы 27 наурызда Сомали астанасы Могадишо қаласында елшілер орналасқан қонақ үйге лаңкестер шабуыл жасап кемінде 24 адамды өлтірді. Олардың арасында Швейцария елшісіде құрбан болды.

Сондай-ақ биыл тамыздың 30 күні Қырғызстанда Қытай елшілігі алдында орын алған жарылысқа да лаңкестік оқиға деген баға берілді. Бішкекте орналасқан аспан асты елінің елшілері отыратын ғимаратқа жарылғыш зат орнатылған көлік шабуылдаған. Бірақ қоршаудан аса алмаған көлік жарылып, жанкешті сол жерде көз жұмады. Салдарынан тек 3 күзетші жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар