Әлемде Шыңғыс ханның әскери-философиялық доктринасына талас жүруде - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемде Шыңғыс ханның әскери-философиялық доктринасына талас жүруде

Әлемде Шыңғыс ханның әскери-философиялық доктринасына талас жүруде

Шыңғыс ханның әскери-философиялық доктринасына қазір американдықтар да таласуда.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

Оны «Тұран-Профи» ХКА шежіре орталығының директоры Гизат Табулдин бүгін Алматыда өтіп жатқан Жалпытүрік күніне арналған І Жалпытүркі құрылтай-конференциясында айтты.

«Қазір әлемде Шыңғыс ханның әскери-философиялық доктринасына талас жүріп жатыр. Оған Қытай, Ресей, Моңғолия, Қазақстан, Корея, Буратия, Калмақия, Балқар және тіпті АҚШ-та таласуда. Олар оның тарихи мұрасына тікелей және жанама түрде ие болғысы келеді», — дейді Г.Табулдин. Ал ҚР ҰҒА академигі Оразақ Исмағұловтың айтуынша, кеңестік дәуірде тәрбиеленген буын Шыңғыс ханды қиратушы ретінде ғана біледі. Оның қайраткерлік қызметінен хабары аз болды. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары кейінгі кезеңде ғана басталды. Атқарылатын жұмыс әлі көп. Түркі әлемінде ерте дәуірдерде этникалық тұтастық болған жоқ. Түркі әлемі көптеген құрамдардан тұрады. Біз қазір негізінен түркі тілдес халықтар туралы ғана айта аламыз.