Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мухика Латын Америкасындағы солшыл қозғалыстың маңызды тұлғасы болды
2024 жылғы желтоқсанда Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва мен оның колумбиялық әріптесі Густаво Петро Уругвайда болып, Мкхиконы өз елдерінің ең жоғары мемлекеттік наградаларымен марапаттады.
Мухика өзінің қарапайым өмір салтымен де әлемге танылды. Ол президенттік жалақысының 90%-ын қайырымдылыққа жұмсап, Монтевидео маңындағы шағын фермасында өмір сүрді. Оның жалғыз мүлкі 1987 жылғы Volkswagen Beetle көлігі болды .
2024 жылдың сәуірінде Мухика өңеш қатерлі ісігіне шалдыққанын жариялады. Қаңтар айында ауру бауырына таралғаны анықталды, және ол емделуден бас тартып, өмірінің соңғы күндерін фермасында өткізуді қалады.
Экс-президенттің өліміне байланысты Латын Америкасының көптеген көшбасшылары қайғырып, оның қарапайымдылығы мен әділеттілікке деген адалдығын атап өтті .