Бұл туралы ол Telegram-дағы арнасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Жас жігіт туралы орын алған жағдай елді елең еткізді. Бірақ бұған таң қалып тұрған жоқпын, негізі таң қалуым керек еді.
Әскер туралы репортажың мен сұхбатыңды 180 градусқа өзгерт. Жағдай қалай бар, солай көрсет. Оған әжетхана қағазы туралы емес, елді алаңдататын сұрақ қой. Солай болғанда жас жігіттерге мұндай жағдай болмас еді.
Елдің ең қарапайым азаматшасы ретінде «әлемдегі ең керемет» деп мақтағандардың жауап беруін талап етемін», — деп жазды журналист.