Әлемдегі ең қымбат сән бренді анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 591.06
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең қымбат сән бренді анықталды

Әлемдегі ең қымбат сән бренді анықталды

Францияның Hermès International компаниясы нарықтық капитализациясы бойынша LVMH Moеt Hennessy Louis Vuitton-ды басып озып, әлемдегі ең қымбат сәнді тауар өндірушісі атанды

  • 16 Сәуiр
  • 4
ФОТО: pexels

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

LVMH акциялары бірінші тоқсан қорытындысындағы әлсіз қаржылық нәтижелерге байланысты 7,8%-ға төмендеп, компания құны шамамен 245,4 миллиард еуроға дейін азайды. Hermès акциялары керісінше, 0,2%-ға өскен. Осылайша, оның нарықтық құны 247 миллиард еуроны құрап, LVMH-ті артта қалдырды.

LVMH-тің қаржылық есебінде қаңтар-наурыз айларында компанияның табысы 2%-ға азайып, 20,31 миллиард еуроны құрағаны көрсетілген. Әсіресе негізгі бағыттардың бірі — киім мен былғары бұйымдары сегменті 5%-ға қысқарған.

Сарапшылар мұны АҚШ тарапынан енгізілген 20%-дық импорттық баж салығымен байланыстырады. Бұл баж кейін уақытша 10%-ға дейін төмендетілген болатын.

Barclays сарапшысы Кэрол Мажо Hermès-тің бренд ретіндегі ерекше тартымдылығын атап өтіп, компанияның бағаны көтермей-ақ кірісін сақтай алатынын айтты. Оның айтуынша, Hermès-ке рентабельділікті сақтау үшін бәсекелестер секілді агрессивті шараларға жүгінудің қажеті жоқ.