Айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарған, ол кеткісі келетінін айтса да, бразилиялық оны жібермеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен ол есіктің артында не тұрғанын білмедім, тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым, бірақ ол менен әлдеқайда күшті ғой», – деді бойжеткен.
Бұған дейін Алвес төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Испанияның заңына сәйкес жыныстық зорлық-зомбылық үшін төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алвес кепілсіз қамауға алынды, ал мексикалық «Пумас» клубы онымен келісімшартын бұзды.
Алвес – әлемде атағы ең көп футболшы. Ол 46 жүлдені жеңіп алған.