Әлемдегі ең қымбат әрі сәнді вилла
Беверли-Хиллзде (Калифорния, АҚШ) әлемдегі ең қымбат виллалардың бірі сатылымға шығарылды. |
Теңдесі жоқ вилла 150 млн. доллар тұрады, деп хабарлады РБК.
Калифорниялық бұл вилланы «кішкене қалашық» десе де болады. Мұнда бөлек орналасқан бірнеше "көппәтерлі" үйлер бар, олар жаяу жүргіншілер көпірлерімен жалғастырылған. Негізгі резиденциядан басқа, қонақтар мен қызметкерлердің үйлері, сондай-ақ ойын-сауық кешендері мен бірнеше бассейін бар.
Зәулім үйдің аумағы 3,7 мың шаршы метрден асады, ал жалпы аумағы - 0,6 гектар. Бас үйде спортзал, ойын бөлмесі, үй кинотеатр бөлмесі, дыбыс жазу студиясы, массаж кабинеті мен екі сауна бар. Бұл үйдің басты ерекшелігі барлық 4 қабатты біріктіріп тұратын - бұрандалы баспалдақ. Ол тау хрусталінен, ал жақтаулары никельден жасалған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін