Әлемдегі ең қымбат кәмпиттер сатыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең қымбат кәмпиттер сатыла бастады

Әлемдегі ең қымбат кәмпиттер сатыла бастады

Лондондағы Harrods дүкені әлемдегі ең қымбат кәмпиттерді сата бастады. Біріккен Араб Әмірлігінде өндіріліп, Delice маркасымен сатылып жатқан тәттілердің бір қорабының құны - 1 мың доллар, деп хабарлайды The Daily Mail басылымы.

  • 7 Қазан 2014
  • 371
Фото - Caravan.kz


«Қазір біз күніне кем дегенде бір қорап тәттіні сатудамыз, ол алушылардың зор қызығушылығын тудыруда», — дейді аталмыш өнімді шығаратын компанияның басшысы Жалел Гайза.

Сваровски кристаллдарымен және 24 караттық алтынмен безендірілген қораптың ішінде 240 кәмпит бар екен. Ол француздық «Вальрона» компаниясы өндіретін ең қымбат шоколад сорттарының бірінен жасалады. Алайда оның дәмін түрлендіру үшін алуан түрлі қосындылар да пайдаланылады екен. Атап айтқанда, тәттіге қосылатын бадам Тунистен, пісте (фисташкалар) Ауғанстаннан, грек жаңғақтары АҚШ-тан және кедр жаңғақтары Түркиядан жеткізілетін көрінеді.