Әлемдегі ең улы фугу балығы Жапонияда ашық сатылымға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең улы фугу балығы Жапонияда ашық сатылымға түсті

Әлемдегі ең улы фугу балығы Жапонияда ашық сатылымға түсті

Әлемдегі ең қауіпті деликатес - фугу балығы жапониялық астанада ашық сатылымға түсті.

  • 4 Қараша 2012
  • 1042
Фото - Caravan.kz

Бұрын Токиода фугу сату бойынша қатаң шектеулер болды. Енді әкімшілік тұтынушылардың қысымымен шегінді. Тапсырысты арнайы ғаламтор сайтынан жасауға болады.

Билік көздері балықты тек лицензия алған мамандар ғана бөле алатыны туралы ескертеді. Фугудың құрамында жүйке-сал дертіне ұшырататын у — тетродотоксин бар. Оның ағзаға түсуі оқиғаларының 60 пайызы өліммен аяқталады. Балықтың ішкі мүшелері мен терісі аса улы. Бөлгеннен кейін бұл қалдықтарды қалған қоқыстан бөлек жойып жіберу керек. Жыл сайын уланудан бірнеше ондаған адамдар мерт болады, басым бөлігі — улы балықты өздері дайындағандар.

Соңғы жаңалықтар