Әлемдегі тұңғыш микробтар мұражайы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі тұңғыш микробтар мұражайы ашылды

Әлемдегі тұңғыш микробтар мұражайы ашылды

Микроорганизмдердің тұңғыш мұражайы Амстердам зообағында ашылды. Онда жұртшылық назарына тірі ағзалар ұсынылумен қатар, мультимедиялық таныстырылымдар да өткізілуде, деп хабарлайды The Epoch Times.

  • 7 Қазан 2014
  • 573
Фото - Caravan.kz

Жер бетінде тіршілік ететін тірі ағзалардың төрттен үш бөлігі адамның көзіне көрінбейді. Міне, осы олқылықтың орнын толтырмақ мақсатта ашылған мұражай тек сол микробтарға ғана арналған. Мұндай экспозицияны құру идеясы 20 жыл бұрын туындаса да, оны жүзеге асырудың сәті енді ғана түсті, дейді зообақ басшылығы.

Зообаққа келушілер микроскоптардың көмегімен микроорганизмдердің тіршілігін бақылай алады. Ал жағалай орнатылған экрандарда мультимедиялық таныстырылымдар жүргізіледі.

Ал мұражайдың ең басты экспонаты — арнайы сканердің көмегімен адам ағзасында тіршілік ететін микробтардан хабардар болуға болады екен.