Әлемді велосипедпен аралап жүрген лондондық саяхатшы Алматыға аялдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемді велосипедпен аралап жүрген лондондық саяхатшы Алматыға аялдады

Әлемді велосипедпен аралап жүрген лондондық саяхатшы Алматыға аялдады

Алматыға әлемді велосипедпен жалғыз өзі аралауға бел буған саяхатшы қыз аялдады. 1 сәуірде Лондоннан шыққан Сара Оутен осы күнге дейін 8 мың шақырымды артта қалдырған. Еуропаны түгел басып өткен ол сенбі күні Қытай шекарасына өтіп, одан әрі Жапонияға жол тартпақ. Одан соң Тынық мұхитын ескекті қайықпен жүзіп өтіп,Америкаға жетпек ниеті бар.

  • 24 Маусым 2011
  • 708
Фото - Caravan.kz

Жұрттың жадында велосипедті тақымдап, әлемді жалғыз жортқан қызды көрген де бар, көрмеген де бар. Англиядан  1 сәуірде жорығын бастаған Сара Оутеннің тақымындағы темірге тыным жоқ. Күн астында күнде, қала берді, түн қатып жортқан. Сегіз  мың шақырымды басып өтіпті, велосипеді  мен қол жүгінің салмағы 102 келі болғаны да кедергі емес.

Сара Оутен, саяхатшы (Ұлыбритания):

— Бүкіл әлемді аралау менің мақсатым болатын. Шаршадым, бірақ сол мақсатыма жеткім келді. Қазақстанға 26мамыр күні жеттім. Бұл ел маған ұнады, жері, ауасы оған қоса,қонақжай халық екен.

Қонақжай деп қазақты кім арқадан қақпады?  Өзі өлместің күйін кешсе де, келген қонақ “Құдай қазаққа ит басына іркіт төгілген заман орнатыпты” деген ойда кетері кәдік. Сара да солай. Тіл үйірер дәмді әлі күніаузынан тастамайды.

25 жастағы Сара қазақтың атырабына қайта жол түссе деп армандайды. Сапар сәтімен, ол сенбі күні Қытайға,одан әрі Жапонияға жүрмек. Тынық мұхитының жағалауына жеткесін Америкаға дейін ескекті қайықпен жүзіп өтпек. Жолға жарты жыл жұмсаймын деп жоспарлаған қыздыескек еспек деп «есінен ауысты»дегендер де болыпты. Бірақ Үнді мұхитын  екі жыл бұрын жүзіп өткен Сара Оутен мұқалмады.


Сара Оутен, саяхатшы (Ұлыбритания):

Жолда күн ыстық, шаң, топырақ, машиналардың түтіні және бар. Адамдарда сенбейді, маған, бірақ,мен соңына дейін жетемін.

Велосипедпен сағатына 30 шақырымды бағындыратын саяхатшы қыз әбден шыныққан. Аяқ-қолы балғадай. Бойжеткенге Украинада ғана бөтен біреулер тиісіп,тынышын алыпты. Қалған жолы жібектей екен.

Соңғы жаңалықтар