Әлемдік алтын нарығында баға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік алтын нарығында баға өсті

Әлемдік алтын нарығында баға өсті

Алматы. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік алтын нарығында баға өсті. Алтынның бағасы инвестициялық сұраныстың ұлғаюына байланысты өсіп отыр. Ол АҚШ-тың макроэкономикалық мәлісеттерінің әлсіздігіне және қаржылық секторды құтқару жоспарына қатысты ахылдың айқын емес екендігіне байланысты.

  • 3 Қазан 2008
  • 1087
Фото - Caravan.kz

Әлемдік алтын өндіруде 2008 жылдың бірінші жартысында ірі жобалардың жоқтығына, технологиялық тұрғыда оны өндірудің күделілігіне, кендегі металл мөлшерінің төмендеуіне және өндіріс шығындарының ұлғаюына байланысты алтын өндіру көлемінің төмендеу ағымы байқалған. Сондай-ақ, геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалатын қаржының 50% дейін ұлғаюы байқалған, бұл алтын өндіруге жұмсалатын шығындардың өсу қарқынынан жоғары. Алайда, бұл инвесторлар тарапынан осы металл түрін өндіруге деген сұраныстың сақталып отырғанын көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар