Атап айтқанда, CNN, The Australian және Reuters басылымдары, «Караван» апталығында жарияланған мақаладан дәйексөз келтірген. Онда, мақала авторы Еуропа елдерінде көрсетілімге шыққан «Борат. Қазақстанның атақты ұлтының даңқы үшін Американы мәдени тану» деп аталатын фильміне баға береді.
Дәйексөзде » Менің пікірімше бұл жылдың ең үздік фильмі»,-деп көрсетілген.
Әлемдік ақпарат құралдары, мақала авторының бұл фильмді Қазақстанмен байланыстырмайтындығына назар аударған. Басылымда «Әрине, Қазақстанның еш қатысы жоқ..Себебі, біле тұра сыған ұлты топтасқан Румынияның деревнясының пародиясы іспетті елді, қалай деп аталса да қайсы бір ел ретінде қабылдау барып тұрған малғұндық болар еді»,-деп жазылған. Автордың пайымдауынша, «бұл нағыз Америкаға қарсы түсірілген фильм».
Сонымен қатар, автор өз елінің үкіметіне комиктің айтқандарына мән бермеуге, еш абыржымауға шақырады. «Ел басшылығына адал тәуелсіз басылым , Бораттың продюсеріне «Relax, Azamat», деп айтқанын дәйексөз етіп, үкіметке абыржымауды ұсынады»,-деп жазған CNN.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті