Әлемдік банк ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру жобасын жүзеге асыруға арнап Қазақстанға 24 млн. доллар бөлмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік банк ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру жобасын жүзеге асыруға  арнап Қазақстанға 24 млн. доллар бөлмекші

Әлемдік банк ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру жобасын жүзеге асыруға арнап Қазақстанға 24 млн. доллар бөлмекші

28-сәуірде Әлемдік банк директорларының кеңесі ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру жобасын жүзеге асыруға арнап Қазақстанға 24 млн. доллар бөлу туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әлемдік банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Сәуiр 2005
  • 742
Фото - Caravan.kz

Жобаны ҚР ауылшаруашылығы министрлігі мен Әлемдік банк жергілікті және халықаралық мамандарды жұмылдыра отырып әзірлеген. Жобаны дайындау жұмыстары Жапония үкіметі бөлген грант, БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы ФАО қаржысы және Италия үкіметінің гранты есебінен қаржыландырылды.

Жоба төрт бөліктен тұрады. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқару, ауылшаруашылығы саласындағы маркетинг, ауылшаруашылығы саласындағы қолданбалы зерттеулер мен ақпараттық-консалтингтік қызмет, ауылшаруашылық саясаты мен институционалдық саясаттың жобасын жасау тб.
Жобаның жалпы құны 83,1 млн. долларды құрайды. Қаржының басым бөлігі республикалық бюджеттен бөлінсе, 30 проценті Әлемдік банктің несиесі, 15 проценті басқа көздерден алынады. Әлемдік банк несиені 20 жылға бес жылдық үзіліспен беріп отыр.
Жобаның жетекшісі — Әлемдік банктің менеджері Маурицио Гуаданидің айтуынша, «жоба аясындағы шаралар Қазақстанның солтүстік және оңтүстік экономикалық дәліздеріне бағышталады. Мұндай инновациялық көзқарас мемлекеттің инвестициясынан түсетін пайда көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Және ол Бүкіләлемдік сауда ұйымымен арадағы келісімге сәйкес».
Әлемдік банк 1992-жылдан бері Қазақстанға 25 жоба бойынша 2 млрд. доллардың инвестициясын жұмсады.

Перейти к новостям спорта